06
апрель
2018
Мерекелік іс- шаралар
«Сағат орта мектебі» КММ-сінде 8- наурызда халықаралық әйелдер күніне байланысты «Ана-отбасының алтын діңгегі» атты жас аналар байқауы өткізілді. Байқаудың басты мақсаты:Отбасының татулығы мен бірлігін сақтай білетін жас аналарды үлгі тұту, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты насихаттау болып табылады.
Бұған дейін де мектебімізде отбасы құндылығын арттыруға бағытталған шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Биыл бұл байқауға сәл өзгерістер енгізіліп, оған жас аналарды қатыстыру талабы қойылған. Тілек білдірушілердің арасынан үш жас ана ғана байқауға қатысуға жолдама алған.
Қатысушылар бес шарт бойынша сынға түсті. «Таныстыру» шарты бойынша қатысушылар отбасымен бірге түскен қызықты суреттерді ұсынып, ән мен өлең арқылы өздерін таныстырды. «Ата дәстүр-асыл қазынамыз» атты шарт бойынша жас аналар салт - дәстүр бойынша сахналық көрініс қойса, «Отбасыма жайған дастархан» шартында түрлі тағам әзірледі. Байқау қорытындысы бойынша «Көз қуанышы» бағамымен Мамедова Александра, «Ибалы ана» бағамымен Раймбекова Тана, «Өнерлі ана» бағамымен Отынбаева Арайлым марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды. Жас аналар байқауы қызықты да, тартысты өтті.