2022-2023 оқу жылы «Сағат орта мектебі» КММ Мектепішілік қамқоршылық кеңес отырысының №3 Хаттамасы Өткен күні: 16.03.2023 ж Қатысты: Қамқоршылық кеңес мүшелері,мектеп әкімшілігі; Күн тәртібінде: 1.Оқу-тәрбие жұмысының 3-тоқсандағы есебі. » Коммунальное Государственное учреждение" Сагатская средняя школа"
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Sagat orta mektebi.edu.kz
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылы «Сағат орта мектебі» КММ Мектепішілік қамқоршылық кеңес отырысының №3 Хаттамасы Өткен күні: 16.03.2023 ж Қатысты: Қамқоршылық кеңес мүшелері,мектеп әкімшілігі; Күн тәртібінде: 1.Оқу-тәрбие жұмысының 3-тоқсандағы есебі.
16
март
2023

2022-2023 оқу жылы «Сағат орта мектебі» КММ Мектепішілік қамқоршылық кеңес отырысының №3 Хаттамасы Өткен күні: 16.03.2023 ж Қатысты: Қамқоршылық кеңес мүшелері,мектеп әкімшілігі; Күн тәртібінде: 1.Оқу-тәрбие жұмысының 3-тоқсандағы есебі.

«Сағат орта мектебі»КММ 

«Қамқоршылық кеңес» отырысының 

ХАТТАМАСЫ 

 Өтілген күні: 16.03.23 ж

 Қатысқандар: қамқоршылық кеңестің 9 мүшесі, мектеп әкімшілігі.

 Күн тәртібінде

1.2022-2023 оқу жылында атқарылып жатқан іс-шаралар. ІІІ тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасы.

2. 9 сыныптың қорытынды аттестациялауға дайындық шаралары.

3. Білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалануда көктемгі іс-шараларды және каникулдық іс-шараларды өткізілуі

4.Әр түрлі


Тыңдалды: 

Мектеп директоры Амирханова З.С - 2022-2023 оқу жылында атқарылып жатқан іс-шаралары бойынша сөз алды. Аудандық білім беру басқармасының тапсырмасына сәйкес 2022 жылы 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясын өткізу бойынша «Сағат орта мекетбі» КММ-де іс-шаралар жоспары құрылып, акция «Шекарасыз жақсылық Мектепке жол» ұранымен өтті.

Мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Мектеп әкімшілігі акцияға белсене қатысу туралы әлеуметтік желілерге хабарландырулар  беріліп,ауыл тұрғындарын акцияға белсене қатысуға шақыру жүргізілді. 

    2022-2023 оқу жылын ұйымдастыруда көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында және тұрақты негізде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша жалпыға бірдей білім беру қорынан 1335600 теңге бөлініп, 36 оқушыға соның ішінде(Атаулы әлеуметтік көмек алатын 17 оқушы, аз қамтылған 15 оқушы, өзге санаттағы 9 оқушыға) мектеп формасы, қыстық аяқ киім, мектеп ұстаздары мен ауыл демеушілері атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан оқушыларға кеңсе тауарларымен көмек көрсетілді. 

 Оқу жылының 2-ші тоқсанның қорытындысы бойынша мектепте 53 оқушы, оның ішінде 5 оқушы даярлық сыныбында білім алуда.

Бастауыш буында: 1-4 сыныптарда – 25 оқушы

Орта буында: 5-9 сыныптар аралығында  - 23 оқушы.Білім сапасы-65,12%

Жұмыс режимі: бескүндік оқу аптасы. Сабақ бір ауысымда жүргізіледі. 

    б) ІІ тоқсан бойынша сабақтан себепсіз қалған оқушылар-жоқ.

      2.     Қаңтар айынан бастап қосымша сабақтар кестесі бекітіліп, 9 сынып оқушылары қосымша сабақтарға уақытылы келіп жүр. Қорытынды ататестациялау негізгі пәндер және таңдау пәндерінен жүргізіледі. Оқушылардың таңдау пәндері -география және биология.

     3.  2023 жылы Қазақстанда мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 9 күнге созылып, 18-26 наурыз аралығында өтеді. Осыған орай, мектебімізде оқушылардың демалысты тиімді пайдалануын ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспары бекітіліп сынып жетекшілерге тапсырма берілді.



Шешім:

 1. ІІІ тоқсанның қорытындысы және 9 сыныптардың аттестациялауға дайындықтары «қанағаттанарлық» деп есептелінсін.

2. Білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалануда көктемгі іс-шараларды және каникулдық іс-шараларды өткізілуі жұмыстың жүзеге асырылуын қадағалау ДТІЖО А.Ж.Косубаеваға жүктелінсін.



Мектеп директоры                                                      Амирханова З.С

Қамқоршылық кеңес төрағасы:                               Камажанова Ш.Д                  Хатшы:                                                         Кокенова Б.Н