"Сағаторта мектебі"КММ "Адалдық сағаты" » Коммунальное Государственное учреждение" Сагатская средняя школа"
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Sagat orta mektebi.edu.kz
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
январь
2020

"Сағаторта мектебі"КММ "Адалдық сағаты"

«Сағат орта мектебі»КММ бойынша

 2020 жылдың 17 қаңтарында

 өткен «Адалдық сағаты» туралы мәлімет

«Сағат орта мектебі»КММ-де 2020 жылдың 17 қаңтарында республикалық «Адалдық сағаты» акциясы өткізілді.Жауапты мұғалімдер тарих пәнінің мұғалімдері Бытымбаева А.Ж және Мамедова А.А .

«Адалдық сағатының» мақсаты өскелең ұрпаққа адалдық пен парасаттылық ,мейірімділік құндылықтарын  сіңіру,рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиені дамыту,сыбайлас-жемқорлықпен күресу.

Бүгінде, біздің еліміз жас ұрпақ, жастар үшін үлкен мүмкіндіктер жасауда. БіздіңҮкімет қазақстандық жастардың лайықты өмірін қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыс атқарып жатқаны және айтылды.

Жастар саясатының басымдықтары туралы Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастаған «Қазақстан - 2050» Стратегиясының басты мақсаттарының бірі болып табылатыны жайында айтылды.

Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің тұрақты дамуына қауіп және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу тек үкіметтің ғана емес, әркімнің міндеті болуы керек ...» деген ойларымен таныстырды.

Сондай –ақ  оқушылар берілген сұрақтарға ұтымды жауап беріп, өз ойларымен және істеген жақсы істеріменде бөлісті.

Болашақта оқушыларымыз осы өткен «Адалдық сағатынан»  өз бойына жақсы қасиет құндылықтарды сіңіреді деп сенеміз. 


Похожие публикации:

29 декабрь 2019 Мектеп әкімшілігі
31 январь 2018 Мекен жайымыз
31 январь 2018 Мектеп тарихы